Шахматтан Ұлттық құрама үздік бестікте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан Ұлттық құрама үздік бестікте

24.08.2022

Үндістанда өткен 44-ші дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы үздік бестікке ілінді. Ал, ерлер құрамасы жалпы командалық есепте 17 орынға табан тіреді. Бұл жақсы көрсеткіш дейді мамандар. Өйткені бұған дейін команда әлемдік рейтингте 40-шы орында тұрған. Сайыста Жансая Әбдімәлік жекелей сында қол жүлдегер атанды. Сондай-ақ Бибісара Асаубаева, Ринат Жұмабаев және Әлішер Сүлейменов сынды шахматшылар жақсы ұпай жинап көзге түсті. Жарыс қорытындысы бойынша ел намысын қорғаған барлық спортшыларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Олимпиадаға жалпы ерлердің 189, ал әйелдердің 162 командасы қатысты.

Жансая Әбдімәлік, Шахматшы, Халықаралық гроссмейстер:

Мен үшін бұл олимпиада өте қиын әрі қызықты болды. Өйткені әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған, сайдың тасындай іріктелген кіл мақтылармен бақ таластық. Осы жетістігімізбен тоқтап қалмай, бұдан да биік асуларды бағындыруға барымызды саламыз.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу