Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарында үздік үштікке кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарында үздік үштікке кірді

16.02.2016
Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарында үздік үштікке кірді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысуда.

Жас спортшы қысқа бағдарламада екінші орын алып, үздік үштікке кірді.

Бүгін еркін бағдарлама бойынша жарыстар өтпек. Олимпиадаға 16 мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева қатысатын еркін бағдарлама жарысын «Kazsport» телеарнасы бүгін сағат 00:30-да көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу