«Oqy'shyny qolda!» республикалық қайырымдылық акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Oqy'shyny qolda!» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

11.08.2020

Елімізде қашықтықтан оқитын оқушыларды копмьютерлік техникаларммен қамтамасыз ету үшін «Оқушыны қолда» атты республикалық қайырымдылық ациясы басталды. Шараны Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе ұйымдастырып отыр. Акция аясында балаларға ноутбук, планшет сияқты техникалық құралдар беріледі.  

Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы 

Біз барлық қазақстандықтарға және барлық кәсіпорындар мен компания, ұйымдарға, акцияға қатысуға және балаларды қашықтықтан оқытуға көмектесуді сұраймыз. Жалпы, акция 20 мыңнан аса оқушыны қамтиды деп жоспарланған. Сондай-ақ, мұқтаж отбасылардың балалары сабақты кедергісіз оқуы үшін сапасы жоғары интернетпен қамтамасыз ету де қарастырылған. Қажетті құралдар демеушілер мен меценаттардың және волонтерлердің жинаған қаржысына сатып алынады.

Азамат Нұғыманов 



Хабарламаларға жазылу