Алматыда коронавируспен ауырған блогерлер қан тапсырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавируспен ауырған блогерлер қан тапсырып жатыр

11.08.2020

Коронавируспен ауырған блогерлер донорлық қан тапсырып жатыр. Қала әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған «Өмірге үміт сыйлаймыз» акциясының басты мақсаты - COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған. Себебі, вирустан жазылып шыққан пациенттердің қан плазмасы коронавирусқа қарсы тұратын күшке ие. Бір донордың арқасында індетке шалдыққан үш адамның өмірін сақтап қалуға болады. Мұндай плазма көлемін алу ғылыми негізделген және ешқандай зиян келтірмейді. Акция басталғалы қан орталығына 20 адам донор болуға ниет білдірген. Шараны қолдаған танымал блогерлер де орталыққа келіп қан өткізіп, науқастарға қолдау көрсетуге шақырды. 

Қайрат Құдайберген, кәсіпкер, қоғам белсендісі: 

Бұл індет салауатты өмір салтын ұстанасың ба, әлде дұрыс тамақтанасың ба деп қарамайды екен. Екі аптадай ауырып, ауруханада жатып емделдім. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым деуге де болады. Сондықтан, ауырып жатқан отандастарымызға пайдамыз тисе, тек қуанамыз. 

Нұрхан Нұрланұлы



Хабарламаларға жазылу