12 тамызда өтетін Сенат сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушылар бекітілді.
Сайлау заңнамасына сәйкес түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 азамат тіркелді. Олар Әзірбайжан елшілігінің 2 өкілі және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елшіліктерінің өкілдері. Сенаторлардың сайлауын бақылауға ниетті шетелдік тілшілер де аз емес.
Ержан Нығматуллаұлы, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
ҚР сыртқы істер министрлігі жанында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі тіркеліп отыр. Олар сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлауды халықаралық байқаушылармен тең дәрежеде бақылай алады.
Сондай-ақ, 9 тамызда болатын Беларусь Президентінің сайлауына да елімізден жіберілетін байқаушылар анықталды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен 5 азамат Белоруссиядағы сайлауды байқауға қатысады .
Аман Сейтхан