Елімізге 2 аптада жарты миллионнан астам ПТР-тест әкелінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге 2 аптада жарты миллионнан астам ПТР-тест әкелінеді

04.08.2020

Екі апта ішінде елімізге COVID-19-ды анықтайтын 554 мың ПТР-тест әкелінеді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарты миллионнан астам тестті тасымалдайтын компаниямен қағаз жүзінде келісім мен сатып алу рәсімдері жасалған. Қазір елде 240 мыңға жуық ПТР-тест бар. Болжам бойынша бұл екі аптаға жетеді.

Айта кетейік, ПТР-тесттер сатып алу үшін үкіметтен қаражат бөлінген. Бұл қаржы 1 млн 200 мың лабораториялық зерттеу жүргізуге есептелген. Алайда тестер жоспарға сәйкес маусымда сатып алынбады. Бұған комитеттегілер қағаз жүзіндегі рәсімдердің тежелуі себеп болды деп отыр.


Хабарламаларға жазылу