ПТР- тест анықтамасы жоқ Канада мен Ресей азаматы Қазақстаннан депортацияланды

13.10.2020
ПТР- тест анықтамасы жоқ Канада мен Ресей азаматы Қазақстаннан депортацияланды

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәудақас Байғабылов 13-қазанға қараған түні Қазақстанға 14 рейс, 1486 адам ұшып келгенін хабарлады. Қолында ПТР-тест анықтамасы жоқ Ресей азаматы мен анықтамасының мерзімі өтіп кеткен Канада азаматы Қазақстанға кіре алған жоқ.  

«Бүгін, 13-қазан күні түнде елімізге 14 рейспен 1486 жолаушы ұшып келді. 1185 адамның ПТР-тест анықтамасы болды, 301 адамның анықтамасы жоқ. Соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласына 5 рейспен 504 жолаушы келді, 400 адамның анықтамасы бар, 104 адамның анықтамасы жоқ. Алматыға 9 рейспен 982 жолаушы келді, 785 адамның анықтамасы бар, 197 адамның анықтамасы жоқ. Анықтамасы жоқ жолаушылар (Қазақстан азаматтары) ПТР-тест тапсыру үшін стационарларға карантинге жабылды. Ал, Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен келген Канада азаматы депортацияланды, оның ПТР-тест анықтамасы тоғызыншы қазанда жасалған. Дубай-Алматы бағытындағы рейспен келген Ресей азаматы ПТР анықтамасы болмаған соң, еліне депортацияланды», - деп жазған Сәдуақас Байғабылов.


Хабарламаларға жазылу