Оңтүстік Кореяда жарты миллионнан астам түлек университеттерге емтихан тапсырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда жарты миллионнан астам түлек университеттерге емтихан тапсырып жатыр

18.11.2021

Оңтүстік Кореяда жарты миллионнан астам түлек университеттерге емтихан тапсырып жатыр. Бұл сынақ сегіз сағатқа созылмақ. Оны Азияның төртінші экономикасында өмірді айқындайтын немесе әлемдегі ең ауыр емтихан деп атайды.

Корея қоғамында жоғары білімге көзқарас ерекше. Адамның қызметінің, қоғамдағы орнының, тіпті үйленуінің сәтті болуы  - оның қандай университет бітіргеніне байланысты.

509 мыңдай кореялық емтиханды 1400-ге жуық тест орталығында тапсырып жатыр. Жастардың ғимаратқа кірерде температурасы тексеріледі. Өйткені соңғы күндері елде пандемия қайта күшейіп, өткен тәулікте 3300-ге жуық адамнан коронавирус анықталған.


Хабарламаларға жазылу