ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемиологиялық ахуал және коронавирус инфекциясымен күресу шаралары қаралды.
Шілденің басынан бастап енгізілген карантин режиміне байланысты Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, COVID-19-дан сауығып кеткендердің саны 63%-дан асты. Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдемді шақыртулар саны 38%-ға төмендеді.
«Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», - деді А. Мамин.