Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылады

24.07.2020
Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылады

Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылады.

Шараға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысады. Сондай-ақ мыңнан аса қонақ шақырылған.

Мешітке келушілерге бетперде кию міндеттелген. 

Діни ғимарат маңында 736 медициналық қызметкер, 10 шақты жедел жәрдем және тікұшақ жұмыс істейді. Тәртіпті қадағалауға 20 мың полиция қызметкері тартылды.

Айта кетейік, таяуда ғана сәулет кешенінен музей мәртебесі аланып, мешітке айналдыру туралы қаулы жарияланған еді.

Айя-София VI ғасырдың 30-шы жылдарында Византия императоры Юстинианның заманында салынған. Мыңдаған жылдар бойы христиан әлеміндегі ең ірі шіркеу болды. 1453 жылы Константинопольды Осман империясы басып алғаннан кейін, шіркеу айналасына төрт құбыла салып, мешітке айналдырған. 1934 жылы мұражайға айналды. 1985 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді.

Хабарламаларға жазылу