Тунисте болған лаңкестік әрекеттен жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

27.06.2015
Тунисте болған лаңкестік әрекеттен жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Еске сала кетейік, Тунис, Кувейт және Францияда бір күнде және шамамен бірдей уақытта лаңкестік шабуылдар жасалды.

Тунистің шетелдіктер арасында танымал Сус саяжайында қылмыскер Калашников автоматынан оқ жаудырып, 39 адамды мерт етті. Тағы 36 турист жапа шеккен.

Кувейтте қаралы күн. Ел астанасындағы шиит мұсылмандары мешітінде жарылыстан қаза тапқандардың саны 27-ге жеткен. 227 адам жараланды. Жанкешті-лаңкес бомбаны жұма намазы кезінде іске қосқан.

Ал, Францияның оңтүстік-шығысындағы сығылған газ зауытында шабуыл жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды. Ол жалғыз өзі әрекет еткен.

Тергеу деректеріне сай, күдікті радикалды діни ағыммен байланыста екен. Ол зауыттағы газ баллондарын жарып жіберіп, екі адамды жаралады. Оқиға орнынан бауыздалған адамның денесі, пышақ және экстремистердің туы табылған.

Хабарламаларға жазылу