Асқар Мамин шілде айына 42500 теңге жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты

14.07.2020
Асқар Мамин шілде айына 42500 теңге жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты

Асқар Мамин шілде айына 42500 теңге жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», - деді Үкімет басшысы.  

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  

Айта кетейік, Қазақстанда карантин режимі 2 тамызға дейін ұзартылды.

Хабарламаларға жазылу