42500 теңге жәрдемақы кімдерге беріледі?

16.07.2020
42500 теңге жәрдемақы кімдерге беріледі?

17 шілдеден қазақстандықтар шілде айына төленетін 42500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

 42500 теңге жәрдемақы кімдерге беріледі?

Карантиндік шектеулерге байланысты ақысыз еңбек демалысына жіберілген немесе табысынан айырылған тұлғаларға:

- Орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлеріне;

- Жеке кәсіпкерлерге;

- Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдарға;

- Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге;

- Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға.

Кімдер өтініш бере алады?

- жалдамалы жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберген жұмыс берушілер;

- карантин кезінде жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар.

Әлеуметтік төлемге өтініш беру жолдары:

- 42500.enbek.kz порталы;

- Egov.kz электронды үкімет порталы;

- Telegram-боттар (өзін-өзі жұмыспен қамтитын жеке тұлғалар үшін).

Порталдар 17 шілдеден бастап іске қосылады. Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Бейресми жұмыс істеп жүрген тұлғалар бойынша:

- АӘК алушылар;

- Зейнеткерлер;

- Студенттер;

- Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 1 рет БЖТ төлеп, кейін жұмыспен қамтылған азаматтар.


Хабарламаларға жазылу