Төтенше жағдай: 42500 теңге кімдерге төленеді?

25.03.2020
Төтенше жағдай: 42500 теңге кімдерге төленеді?

Төтенше жағдай кезеңінде жалақысыз еңбек демалысына мәжбүрлі түрде шығуына байланысты кірісінен айырылған Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алады. 1 жұмысшыға әлеуметтік өлемнің көлемі айына 1 ең төменгі жалақыны немесе 42 500 мың теңгені құрайды. 

Әлеуметтік төлем орта, шағын және микробизнес жұмысшылары үшін ғана жүзеге асырылады. 



Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жүгініп, төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты жұмысшысының кірісінен айырылатынын дәлелдейтін құжат ұсынуы қажет.


Хабарламаларға жазылу