42500 теңге жәрдемақы 1 миллион 800 мыңға жуық адамға тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42500 теңге жәрдемақы 1 миллион 800 мыңға жуық адамға тағайындалды

13.04.2020

42500 теңгені төлеу неге кешігіп жатыр? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осының себебін түсіндіріп, ол үшін кешірім сұрады. Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, көмек қаржы үш бірдей мемлекеттік мекеменің үйлесімді жұмысы арқылы жүзеге асады. Олар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Дегенмен өзара байланыс уақытты қажет етеді. Сондай-ақ өтінішті қате толтыру да қолбайлау болып тұрғанын айтады ол.

Сонымен қатар, 83 мың адам есеп шотын қате көрсеткен. Тіпті, жабылып қалған банкетрдің шот нөмірін жазған жағдайлар да кездесті. Жалпы 42500 теңгені алу үшін 3 миллион 700 мың адам өтініш берген. Оның 1 миллион 800 мыңға жуығы көмекті алып үлгерді. Төленген жәрдемақы мөлшері 75 миллиард 600 миллион теңге. Министр студенттерге көмек қаржы қандай жағдайда берілетінін де айтты.

Төтенше жағдайдың ұзартылуына байланысты 42 500 теңге тағы да беріледі. Оған екінші мәрте қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Ал Шымкент әлеуметтік жәрдемақыны 42 мыңнан астам тұрғын алып үлгерді. Жалпы үшінші мегаполис тұрғындарының 43 мыңнан астамы әлеуметтік көмекке мұқтаж екендерін айтып, мемлекеттік корпорацияға өтініш берген. Олардың 8 мыңдайы бірыңғай база жүйесіндегі электронды портал арқылы өңделіп, рәсімделген.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу