Жұмыс беруші 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек?

21.07.2020
Жұмыс беруші 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек?

Жұмыс беруші 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте осы мәселе қаралды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бердалиннің айтуынша, еңбек қатынастары бөлігінде конституциялық құқықтардың бұзылуына байланысты мәселелерді еңбек инспекциясы қарайды.

«Жалдамалы қызметкерлер үшін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алуға өтінішті жұмыс берушілер береді. Бұл төлемдер әлеуметтік сақтандыру қорынан қарастырылған, яғни жұмыс берушілер ол үшін ешқандай қаржы төлемейді. Сондықтан ақысыз демалыстағы жұмысшылардың тізімін беру мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Егер еңбек құқығы бұзылса, Нұр-Сұлтан қаласының орта сапасы және бақылау басқармасына жүгінуге болады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде 1 млн 121 мың адамға 42500 теңге жәрдемақы тағайындалды. Ақшалай қаражат 889,5 мың қазақстандыққа аударылды.

Хабарламаларға жазылу