Қазақстан - инвестициялық тартымды ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - инвестициялық тартымды ел

24.04.2019

Елімізде 10 мыңға тарта Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын бар. Сыртқы сауда саласындағы Ресейдің үлесі - 20 пайыз. Өткен жылғы өзара тауар айналымның мөлшері 18 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткішті еселеуге мүмкіндік мол. Осы және өзге де мәселелер бүгін Мәскеуде өткен жиында талқыланды.

Басқосу кезінде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің және Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен екі елдің бизнесмендері, бірлескен жобаларды іске асыру жайын пысықтады. Кездесуге келген ресейлік кәсіпкерлер, Қазақ еліне инвестиция құюға мүдделі екендерін айтты. Себебі, салықтық және өзге де жеңілдіктер бойынша, іскер азаматтар үшін, біздің елде жұмыс істеу анағұрлым жеңіл.

Бауыржан Сартбаев, Қазақстанның ресейдегі сауда өкілі:

- Қазір Ресей мемлекетінің компаниялары шешім қабылдап, Қазақстанға инвестиция салуға дайын. Қазір оларға жер беріліп, Түркістан облысында және тағы басқа жерлерде, 70 миллион доллардай инвестиция салып, жұмыс орындарын ашайын деп жатыр.

Владимир Платонов, Мәскеу сауда-өнеркәсіп палатасының презденті:

- Мәскеу қаласы Қазақстанның көптеген шаһарларымен іскерлік байланысты арттырып келеді. Біздің мақсатымыз екі елдің бизнесмендерін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуіне жағдай жасау. Бүгін Қазақстан тарапынан көптеген қызықты жобалар ұсынылды. Олар келешекте іске асады деп ойлаймын.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу