Басты Жаңалықтар Кәсіпке кедергі келтіргендер анықталды

Кәсіпке кедергі келтіргендер анықталды

Жеке бизнеске кедергі келтірген мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады. «Protecting business and investments» атты жобаны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп отыр. Бұл жобаға кез келген кәсіпкер қатыса алады.

Қойылатын жалғыз шарт бармақ басты көз қыстылық әрекеттерге бармау. Мемлекеттік кәсіпкерлерге көрсететін қызметін бақылау үшін өңірлерде 17 фронт-офис ашылып, үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазір осындай 306 жоба бақылауға алынған. Проблемалық мәселелер бойынша 431 өтініш түсіп, солардың 394-і оң шешімін тапқан. Жауапқа тартылған лауазымды тұлғалар да бар. 

Айдос Мамыт, «Protecting business and investments» жобалық офисінің менеджері:

Өтініштердің қарастырылу нәтижелері бойынша 17 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 42 мемлекеттік тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде әр түрлі санаттағы лауазымды тұлғалар бар. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Бөлісу