Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің құны неге қымбат? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің құны неге қымбат?

01.07.2020
Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің құны неге қымбат?

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ПТР тестілеуден өту құны тестің өзінің сатып әкелінген бағасынан неліктен қымбат екенін түсіндірді.

«Бұл жерде төлем ПТР-тест үшін ғана жасалмайды. ПТР тестілеу қызметі үшін де ақы алынады. Ол төлемге тестің өзі ғана емес, бұл қызметті жүргізуге қажетті материалдар шығыны да кіреді. Яғни онда 40-қа тарта зертханалық бұйым бар: материалдарға арналған зонттар, көліктік орта түтігі және тағы басқалар», - деді Людмила Бюрабекова. 

Сонымен қатар, тестілеу қызметінің бағасына медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдары мен айлығы да кіреді.

Хабарламаларға жазылу