Facebook экстремистерге тиесілі жүздеген аккаунттарды жапты

01.07.2020
Facebook экстремистерге тиесілі жүздеген аккаунттарды жапты

Facebook компаниясы АҚШ-тағы толқулар мен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген жүздеген парақшалар мен аккаунттарды жапқанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желі әкімшілігінің айтуынша, бұғатталған парақшалардың көпшілігі радикалды Boogaloo қозғалысына тиесілі. Facebook пен Instagram-дағы парақшаларда жарияланған жазбалар компания ережелерін бұзып, қоғам қауіпсіздігі үшін қауіп төндіруі мүмкін.

«Ол жазбаларда азаматтарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы ұйымдарға қарсы қатыгездік насихатталған. Сонымен қатар, Boogaloo-ға қатысы жоқ, бірақ осы қозғалыстың әрекетін дұрыс деп бағалап, жазба қалдырған тағы 500-ге жуық аккаунт бұғатталды»,- дейді мамандар.

ria


Хабарламаларға жазылу