NBC пен Facebook Сочи Олимпиадасынан ақпарат тарату бойынша келісімге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

NBC пен Facebook Сочи Олимпиадасынан ақпарат тарату бойынша келісімге келді

19.01.2014
NBC пен Facebook Сочи Олимпиадасынан ақпарат тарату бойынша келісімге келді
АҚШ-тың NBC телекомпаниясы мен Facebook Сочидегі Олимпиадасынан ақпарат тарату үшін әріптестік келісішартын жасасты. Компания ішкі өнімді NBC Olympics парақшасы арқылы таратпақ, деп хабарлайды Lenta.ru.
 
NBC Olympics парақшасында сауалнама, фотогалерея, қызықты деректер және Олимпиадаға қатысты басқа да мәліметтер жарияланады.
 
Сонымен қатар, телекомпания өз парақшасында мәнерлеп сырғанаушы Сара Хьюзбен баспасөз-мәслихатын өткізеді. Ол мәнерлеп сырғанау жарысы кезінде тікелей эфирден оқырмандардың сауалына жауап береді.
 
Айта кетейік, NBC өз өнімдерін Facebook әлеуметтік желісіне тиесілі Instagram фотоқызметіне де жариялауды жоспарлап отыр. Жоба көрермендерді тартуға арналған. Бұл жобаны NBC 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында тәжірибеден өткізген еді.

Хабарламаларға жазылу