Биыл 2 ірі компания биржаға шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 2 ірі компания биржаға шығарылады

15.03.2019

16 млн АҚШ доллары. Астана қаржы биржасында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының дәл осы сомаға құнды қағаздары саудаланып үлгеріпті. Естеріңізде болса, уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі мекеменің акциялары қараша айында IPO-ға қойылған болатын. Бұл туралы бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқармасының төрағасы Тим Беннет айтты.

Оның айтуынша биыл тағы екі  бірдей ірі компанияның акциялары биржаға шығады.  Қазақтелекомның құнды қағаздарын орналастыру мамыр айына жоспарланып отыр. Ал күзде ең ірі әуе тасымалдаушы «Эйр Астана да» биржаға шығады. Ал 2020 жылдың екінші тоқсанында «Қазмұнайгаздың» акциялары саудаға түседі деп жоспарлануда. 

Тим Беннет, «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқармасының төрағасы:

Соңғы алты айда нарықтағы жағдай мен капитал тұрақсыз болып тұр. Сондықтан, біз бұл IPO-лардың биыл іске асуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Алайда, компаниялардың ұстанымы өзгеріп жатса, ол келесі жылға да қалуы мүмкін.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу