Президент ірі компания басшыларын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ірі компания басшыларын қабылдады

18.09.2023

АҚШ-қа сапары аясында Мемлекет басшысы Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен де кездесті. Тараптар америкалық қаржы холдингінің қызмет аясын кеңейту бағытын талқылап, жаңа келісімге қол қойды.

Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Wabtec - көлік-логистика саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналады. Әлемнің 50-ден астам елінде компанияның филиалдары бар және онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу