Жедел жәрдемге жүгінушілер саны үш есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдемге жүгінушілер саны үш есеге артты

22.06.2020

Бүгінде шақыру тым көп. Сондықтан мекеме жанынан кеңес беретін арнайы колл орталық ашылды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырушылар саны үш пайызға артқанын хабарлады. Қазір елордадағы науқастанушылар саны үш жарым мыңға жақын. Маманның сөзінше, науқастардың көптігінен ауруханадағы кереует санын арттыруға тура келді. 18 маусымнан бастап инфекциялық орталықтар жанында коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге босанатын Перинаталды орындар әзірленді.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу