Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 60% емделіп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 60% емделіп шықты

28.07.2020
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 60% емделіп шықты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтты.

«Қазір қалада 10 955 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 341 адам немесе 60% емделіп шықты. Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақырулар саны 4 есе азайды. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам көрсеткішке төмендеді. Емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, Алматыға жақынарада жаңадан 55 жедел жәрдем көлігі келеді.

«Бір айда жергілікті, республикалық бюджет және демеушілік көмек есебінен қалаға 308 өкпені жасанды желдету аппараты және 2022 оттегі концентраторы әкелінеді. 55 жедел жәрдем машинасы келеді деп күтілуде»,- деді Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев


Хабарламаларға жазылу