Жамбыл облысында құс етінің өндірісі артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында құс етінің өндірісі артпақ

14.03.2019

Жамбыл облысында құс етінің өндірісі артпақ. Құс өсірумен айналысатын кәсіпорын  жылына 8 мың тонна өнім шығаруды  жоспарлап отыр. Қазір қосымша кешендердің құрылысы басталды. Одан бөлек, «қалдықсыз» режимге көшкен фабрика жылына 800  тонна «сүйек ұнын»  шығаруды қолға алды. Өндіріс орнынан өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебайдың материалы.

Бұл шүпірлеген балапандардың саны миллионнан асады.  Құс фабрикасында осындай жиырмаға жуық тауық базасы бар. Жылына  5 мың тонна құс етін өндіретін зауытта екі жүзден астам адам жұмыс істейді. Олардың дені жергілікті тұрғындар. 2016 жылы ашылған өндіріс орыны бүгінде қанатын кеңге жайған кәсіпорынға айналған. Қазір мұндағы жұмыстың жетпіс пайызы --автоматтандырылған технологияға көшті.

Аида Жүнісова, цех басшысы:

Бұрын біз қолменен орайтынбыз, қазір Диджей опаратын жолданып жатырмыз, Минутына 50 төсенішті орап шығарады. Бөлшектеу қолмен болатын, қазір автоматтандырылды.

Бройлер балапандары 40 күнде 2 келіден аса салмақ жинайды. Одан соң сою-дайындау цехына жол тартады. Биылдан бастап кәсіпорын қалдықсыз жұмыс істеуге көшті.

Мұнда құс еті мен сүйектерінің қалдықтарын өңдеп, ұнтаққа айналдырады. Өнімді   мал азығына биологиялық қоспа ретінде қолданады. Сондай-ақ,   жерді өңдеу  үшін де таптырмайтын тыңайтқыш.

Дарын Абжаппаров,  құс фабрикасының заңгері:

Жалпы құны 126 млн тұратын бұл жоба жылына қуаттылығы 800 тоннаны құрайды. Осы жобаның есебінен бас жаңа жұмыс орны құрылды және Осы жылы іске асады

Биыл қосымша тағы алты құс ұстау кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба биылғы жарты жылдықта іске аспақ. Голландиялық технологиямен жабдықталатын кешен іске қосылғанда зауыттың жылына 8 мың тонна құс етін өндіретін болады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу