Халық азық-түлік тауарларына көп қаражат жұмсай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық азық-түлік тауарларына көп қаражат жұмсай бастады

18.06.2020

Халық азық-түлік тауарларына көп ақша жұмсай бастады. Жалақысының жартысы тамақтан артылмайды. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Сенат отырысында есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова осылай деді. Ал депутаттар бұл мәселені шешу үшін еңбекақыны өсіруді ұсынды.

Халықтың табысының басым бөлігі ішіп-жеуден аспай отыр. Тұрғындар жалақысының жартысынан астамын ас-суға жұмсалып жатыр. Ал басқа шығындар үшін амалсыздан несие алуға мәжбүр. Бұлай жалғаса берсе ел қарызға белшесінен батып, әлеуметтік проблемалар ушығуы мүмкін екенін айтты Сенат депутаты.

Қазақстандықтардың азық-түлікке көп ақша жұмсай бастағанын есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова да растады.

Бұдан бөлек, халық үшін маңызы бар деп басталған, алайда аяқсыз қалған жобалар да жетерлік. Сондай 52 млрд теңге болатын 43 жобаның болашағы бұлыңғыр. Ал оның жандануына тағы қосымша қаражат қажет.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу