Көлік салығын төлемеген өскемендіктердің берешегі 180 миллион теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік салығын төлемеген өскемендіктердің берешегі 180 миллион теңгеге жеткен

21.02.2019

Араларында 7-8 жыл бойы қарызын өтемегендер бар. Мамандардың айтуынша, Салық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерден кейін оларды жауапқа тарту тіпті қиындап кеткен.

2018 жылға дейін борышкерлерді бірден сотқа беріп, артынша қарыз сот орындаушылардың көмегімен өндірілетін. Ал, қазір алдымен борышкерді ескертіп, оның жауабын бір ай күту керек. Нәтижесі болмаса, салық бұйрығы шығарылып, бес жұмыс күнінің ішінде борышкерге қайта жіберіледі. Онда да төлемесе, сот орындаушыларына жіберіледі. Салық бұйрығы шығарылғанның өзінде, берешегін қайтаратындар бірен-саран.

Сайранқан Қабыш, Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Төлемегендердің ішінде жағдайы бар адамдар, жеке кәсіпкерлер де бар. Салықты төлеу - әркімнің міндеті, борышы. 46 миллион теңге деген аз ақша емес.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу