АҚШ-та полиция қызметкерлеріне тұншықтыру әдісін қолдануға тыйым салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та полиция қызметкерлеріне тұншықтыру әдісін қолдануға тыйым салынбақ

10.06.2020
АҚШ-та полиция қызметкерлеріне тұншықтыру әдісін қолдануға тыйым салынбақ

АҚШ-тың бірнеше штатында полиция қызметкерлеріне қылмыскерді ұстау барысында тұншықтыру әдісін пайдалануға тыйым салынып жатыр. Бұл мәселені алғашқы болып Аризона мен Техас штатының басшылығы бастап отыр.

Финикс қаласының (Аризона штаты) полиция департаменті Twitter-дегі ресми парақшаларында қаладағы құқық қорғау өкілдері алдағы уақытта тұншықтыру әдісінен мүлдем бас тартаны туралы жазба қалдырды.

«Біз қоғам тарапынан сенімсіздік болған жағдайда департамент ретінде жұмыс істей алмаймыз. Сондықтан біз полиция имиджін қайта көтеру үшін қолымыздан келген шараларады қайта жасауға дайынбыз»,- делінген департамент мәлімдемесінде.

Ал Хьюстон қаласының (Техас штаты) мэрі Сильвестр Тернер полиция қызметкерлеріне қылмыскерлерді тұтқындау барысында тұншықтыру әдісін қолдануға болмайтын бұйрыққа қол қоятынын айтты. Оның айтуынша өзгерісер тек бұл бағытта емес, полиция қызметіндегі бірнеше кемшіліктерге де қатысты болады.

Сондай-ақ, Франция ішкі істер министрі Кристоф Кастанер алдағы уақытта франциялық полицейлер де бұл әдістен бас тартыны туралы жеткізді. Тіпті мұндай адам өміріне қауіпті әдіс-тәсілдер полицияны әскери даярлықтан өткізу мектептерінде де оқу бағдарламасынан алынып тасталатыны туралы мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың көптеген қалаларында афроамерикалық Джордж Флойдтың полиция қызметкерлері қолынан қаза тапқанынан кейін жаппай толқулар мен тәртіпсіздіктер басталды. Сонымен қатар наразылықтар Еуропаның бірнеше қаласында да жалғасын тапты.

РИА


Хабарламаларға жазылу