Ертең Ай тұтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Ай тұтылады

04.06.2020
Ертең Ай тұтылады

Табиғи құбылысты Еуропа, Азия, Австралия, Африка тұрғындары тамашалай алады.

«Жұмадан сенбіге қараған түні Ай Жердің жартылай көлеңкесінде жасырынады. Оның максималды фазасы, яғни, Айдың Күн көлеңкесіне кіру тереңдігі 0,59 болады»,- дейді мамандар.

Ғалымдардың айтуынша, ғаламшардың табиғи серігі батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің күңгірт көлеңкесінің солтүстік жағы арқылы өтеді. Жартылай көлеңкелі Айдың тұтылуы үш сағаттан асады. Сондықтан арнайы оптикалық құрылығылардың көмегінсіз бұл табиғи құбылысты бақылау қиынға соғуы мүмкін.

Сондай-ақ зерттеушілер 21 маусым күні Күн тұтылу құбылысын көруге болады деп отыр. Олардың айтуынша, биыл Күннің тұтылуы маусым және желтоқсан айларына сәйкес келеді.


Хабарламаларға жазылу