Азияда күн тұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азияда күн тұтылды

26.12.2019

Бүгін Азияның бірнеше елі Күннің жүзік тәрізді тұтылған сәтін тамашалады. Олардың арасында астрономдар мен туристер көп болды.

Бұл құбылыс Біріккен Араб Әмірліктерінде, Сауд Арабиясында, Шри-Ланкада, Үндістанда, Индонезияда және Сингапурде байқалған. 

Сирек феноменде Күннің дәл ортасына Айдың орналасқанын көруге болады. Сондықтан, аспанда «отты шеңбер» пайда болды.  

Жыл сайын Күн екі рет тұтылады. Енді мұндай оқиғаға 2020 жылы желтоқсанның 14-де Чили, Аргентина, оңтүстік-батыс Африка тұрғындары куә болады деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу