Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан көретіндеріңіз... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан көретіндеріңіз...

03.12.2016
Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан көретіндеріңіз...

«Еуразия барысы - 2016» жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және әнші Нұрлан Әлімжанов ертең «Бүгін жексенбіде» қонақта.

олюолю

Жамбыл облысының кішкентай тұрғыны Дәулет Аманов қолымен тас жарады. Ерекше бала туралы білгіңіз келсе, ертең 09:30-да Ұлттық арнаны қосыңыз.

Айкезбелік  (лунатизм) туралы естігеніңіз бар ма? Айдың әлемге әсері қандай? Айкезбелік  хақындағы  аңыз бен ақиқат, ақ батадағы Ай мен Айкезбелік, қазіргі ғылымдағы айкезбелік туралы толығырақ ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасының тілшісі Перизат Әбішева айтып береді.

нрьлепьл

Қарда жүргіш техникаға (снегоход) отырып көрдіңіз бе? Көлікті не үшін, қандай жағдайда қолданады? Серуендеу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? Қарда серуендеудің адам үшін пайдасы қандай? Толығырақ Серікгүл Сұлтанқажының сюжетінен көріңіз.

роброброборбр

Сондай-ақ, бағдарлама барысында әнші Нұрлан Әлімжанов «Ай-хай, өмір» әнін айтады, ал, Ділхан Исаев «Камила» атты халық әнінің тұсауын кеспек.

рпьпр

Әр жексенбі 09:30-11:15 аралығында «Бүгін жексенбі» бағдарламасын көріңіз!

Хабарламаларға жазылу