«Таңшолпанда» - «Әдемі-ай» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Әдемі-ай» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген

12.10.2015
«Таңшолпанда» - «Әдемі-ай» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында «Әдемі-ай» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген қонақ болып, ертең Астана қаласындағы Ұлттық музейде өтетін зергерлік өнер көрмесі  туралы әңгімеледі.

«Менің қоржынымдағы 1000-нан астам жәдігерлердің барлығы - қазақтың зергерлік бұйымдары, қазақ халқының ат әбзелдері, көшпелі қазақтың тұрмыстық бұйымдары. 20 жылдан бері қазақтың қолданбалы өнерін жинаумен айналысып келемін. Жыл сайын Алматы мен Астана қалаларында жеке көрмемді өткіземін. Биыл да солардың жалғасы ретінде  коллекциямдағы ең құнды жәдігерлердің көрмесін ұйымдастырып жатырмын», - дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрменің ашылу салтанаты ертең сағат 16:00-де өтеді. Көрме 1 айға созылады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу