«Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларымен 380 мың адам жұмысқа орналасқан
Үкіметте жұмыспен қамту бағдарламаларының қалай іске асып жатқаны да сөз болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша биыл «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары арқылы 380 мың адам жұмысқа орналасқан. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша енді келесі айдан бастап еңбек нарығындағы жағдай реттеле бастауы керек.
Негізі биыл 1 млн 200 мың адамды жұмыспен қамту көзделген. Біржан Нұрымбетов бұл жоспарды жыл соңына дейін орындау керек екенін айтады. Өйткені төтенше жағдайдан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін мұның маңызы зор. Сондықтан Премьер-Министр көрсеткіші төмен аймақтарды сынға алып, жұртты жұмыспен қамту мәселесінің бірінші орында екенін ескертті.
Досжан МАРАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24