Армения премьер-министрі Н.Пашинян вирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения премьер-министрі Н.Пашинян вирус жұқтырды

01.06.2020

Армения премьер-министрі Никол Пашинян коронавирус жұқтырды. Мұны ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Әлеуметтік желіге жүктелген видеороликте үкімет басшысы ешқандай симптомдар байқалмаса да тексеруден өткенін айтып, бүкіл отбасынан да Covid-19 табылғанын хабарлады. Тағы бір сөзінде Пашинян қауіпті инфекцияны мәжілістердің бірінде официанттан жұқтырғанын мәлімдеп, енді үйінде отырып, қызметін жалғастыратынын атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу