H1N1 тұмауына қарсы шаралар қабылданып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

H1N1 тұмауына қарсы шаралар қабылданып жатыр

23.01.2016
H1N1 тұмауына қарсы шаралар қабылданып жатыр
Грузияда соңғы екі аптада H1N1 вирусынан 3 адам қайтыс болды.

Доңыз тұмауына шалдыққандардың қатары артып жатыр. Грузияда соңғы екі аптада H1N1 вирусынан 3 адам қайтыс болды. Олар дәрігерлерге тым кеш қаралған.

Тағы бірнеше адам осы ауруды жұқтырды. Қазір елде вирус тарамау үшін шаралар қабылдануда. H1N1-ден Армения, Ресей және Украинада ондаған адам қаза тапқан.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу