Италияда коронавирус эпидемиясының өршуіне байланысты ел аумағында карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда коронавирус эпидемиясының өршуіне байланысты ел аумағында карантин жарияланды

10.03.2020

Барлық оқу орындары сәуірге дейін жабылды. Түрмелерде де сотталушылардың туыстарымен кездесуіне тыйым салынды. Бұған ашуланған жазасын өтеушілер бүлік шығарып, қақтығыстардан 6 адам мерт болды. Елде қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 9 мыңнан асқан. 463 адам көз жұмып, вирус құрбандарының саны бойынша Италия Қытайдан кейін екінші орынға шықты. 

Ал, Францияда мәдениет министрі коронавирус жұқтырды. Ол дертке шалдыққан адамдармен кездескен. Мамандардың айтуынша, қазір мемлекеттік қызметкердің жағдайы жақсы.

Израильде алыс-жақын шетелден келгендердің барлығы 14 күн карантинде болуы тиіс. Ел премьер-министрі осындай жарлық шығарды. Ал, оған бағынбағандарға қылмыстық жаза қолданылмақ.

Әлемде вирусты жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып барады. Жұқпалы дерт 104 мемлекетте анықталып отыр. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның пандемияға айналып бара жатқанын айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу