Елімізде коронавирус жұқтырған оқушылар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырған оқушылар көбейді

20.04.2021
Елімізде коронавирус жұқтырған оқушылар көбейді

Елімізде коронавирус жұқтырған оқушылар көбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Дәстүрлі оқыту форматы енгізілгеннен бастап оқушылар арасында вирус жұқтыру деректері көбейді. IV тоқсан басталғалы бері 3706 оқушы індет жұқтырды, соның ішінде оффлайн режимде – 1093 бала, онлайн режимде – 2613 бала », - деді министр.

Айтуынша, дәстүрлі форматта оқитын вирус жұқтырған оқушылардың ең көбі Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарда тіркелді, онлайн режимде оқитындар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелді.



коронавирус

Хабарламаларға жазылу