Жекеменшік шаруалар зауытқа өткізетін сүттің 90 пайызы Кеден одағының талаптарына сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекеменшік шаруалар зауытқа өткізетін сүттің 90 пайызы Кеден одағының талаптарына сай емес

04.12.2018

Еліміздегі сүттің 50 проценті Кеден одағының техникалық регламентіне сай келмейді. Бұл туралы «Қазақстан сүт одағының» өкілдері мәлімдеді. Келер жылы бизнес мемлекеттік органдармен бірлесіп, Еуропалық қайта құру және даму банкі  мен Азық-түлік және ауыл шаруашылғы ұйымының ортақ жобасы аясында одақтың талаптарына сай келетін сүт өндірісінің көлемін арттырмақшы. Бүгінде жекеменшік шаруалар зауытқа өткізетін сүттің 90 процентінің микробиологиялық көрсеткіштері мен соматикалық жасушалары да Кеден одағының талаптарына сай емес.

Владимир Кожевников, «Қазақстан сүт одағының» директоры

Қазақстандағы сүт саласының болашағы негізінен өңдеуге жеткізілетін шикізаттың қауіпсіздігі мен сапасына байланысты. Біздің қалыптасқан жағдайды түзетуге уақытымыз жоқ. Бүгінде басты міндет - барлық санитарлық-ветеринарлық талаптарды сақтайтын және Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келетін сүт шикізатын жеткізетін ұйым арқылы ғана сүт өнімдерін дайындауды қамтамасыз ету.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу