Жекеменшік шаруалар зауытқа тапсыратын сүттің тең жартысы талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекеменшік шаруалар зауытқа тапсыратын сүттің тең жартысы талапқа сай емес

25.04.2019

2020 жылдан бастап еліміздегі сүн өнімдерін шығаратын зауыттар Кеден одағының техникалық талаптарына сай келетін сүтті ғана қабылдайды. Қазақстан сүт одағының директоры Владимир Кожевниковтің айтуынша, бүгінде жекеменшік шаруалар зауытқа өткізетін сүттің тең жартысынан астамы талапқа сай емес.

Жалпы, Қазақстан ішкі сүт сұранысын толық қамтып отыр. Ал, құрғақ сүттің тіпті 95 проценті - импорттық.

Владимир Кожевников, Қазақстан сүт одағының басшысы:

-Жоғарыда айтылған талаптар сақталмаса, ел нарығын шетелдік сүттер жаулап алуы мүмкін. Қазіргі таңда Беларусь пен Ресейден келетін сүт нарықта қаптап кетті. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу