Еліміз шегірткелердің шабуылына дайындалып жатыр. Биыл зиянкестер жарты миллион гектардан астам егістік алқабына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады мамандар.
Зиянкес жәндіктер әсіресе Шығыс, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына көптеп келуі мүмкін. Ал оңтүстікі өңірлерде химиялық улау жұмыстары аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынш, бірқатар Африка елдері мен Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан биыл соңғы 25 жылда болмаған шегірткенің шабуылана тойтарыс беріп жатыр. Тіпті, Біріккен ұлттар ұйымы мұның арты ашаршылыққа әкелуі мүмкін дегенді де айтты. Сондықтан Қазақстан мороккалық, азиялық және италиялық зиянкестермен күреске бір миллиард теңге бөліп отыр. 50 мың литрге жуық пестицид қоры дайындалған.
Ал 1 маусымнан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы АШ министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдайға орай ауылшаруашылық экспортына уақытша реттеу енгізілген болатын. Бұл ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау мақсатында қолға алынған еді.
Досжан МАРАТҰЛЫ