Шымкентте жасөспірімдер жаппай төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жасөспірімдер жаппай төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

29.05.2020

Шымкентте жасөспірімдер жаппай төбелесіп, бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Кикілжің шаһардың шеткері аумағы саналатын Тоғыс елді мекенінде түнгі сағат 23:00 шамасында болған. 

Алдын ала сөз байласқан бір топ жеткіншек қарсыластарын азық-түлік дүкені маңына шақырған. Сол жерде жәбірленушіні жабылып ұрып, басын жарған. Саусақтарына да айтарлықтай зақым келтірген. Одан өзге соққыға жығылғандардың бірі мектеп оқушысы, екіншісі колледж студенті. Басты күдікті мен оның 4 серіктесі абақтыға жабылған. Мұнан бөлек күдіктілердің қасында жүрген тағы үш жасөспірімнен жауап алынып жатыр. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу