Шымкентте күзетші оқ жарақатымен ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте күзетші оқ жарақатымен ауруханаға түсті

11.12.2020

Шымкентте күзет агентігінің қызметкері оққа ұшты. Басынан жарақат алған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оған дереу ота жасалып, дәрігерлер басындағы оқты алып тастады. 

Оқыс оқиға кеше түнде болған. Бірақ оның нақты қалай болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Әзірге жорамал бойынша Шүкіржан Қадыров қарудың шүріппесін өзі байқаусызда басып қалған болуы мүмкін. 31 жастағы азамат агенттікте күзетші әрі жүргізуші болып еңбек еткен.

Алмаз Батырбеков, Күзет агенттігінің басшысы:
Жансақтау бөлімінен шыққаннын күтіп отырмыз. Әрине, материалдық көмек көмектесеміз. Мән-жайды анықтаймыз.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу