2020 жылға қарай Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы 5 млрд долларға жетуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға қарай Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы 5 млрд долларға жетуі тиіс

28.11.2018

2020 жылға қарай Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы 5 млрд. долларға жетуі тиіс. Соны мүлтіксіз іске асыруда екі ел үкіметі мен парламентінің рөлі зор. Өзбекстанның заңды Олий мәжілісі спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесуінде Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев солай деді. Сондай-ақ, ол біздің елдердің белсенді қарым-қатынасы тұтас Орталық Азияның экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі екендігін айтты. Кездесу барысында сауда-экономикалық, көліктік-транзиттік және гуманитарлық байланыстарды да нығайтуға дайын екендері жеткізілді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу