Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қытай елшілігімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қытай елшілігімен кездесті

02.03.2023

 Қытай халық республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Онда мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Қытай еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі. Қазақстандағы жалпы тауар айналымының 18 пайызын осы мемлекетпен арадағы сауда тасымалы құрайды. 2030 жылға қарай өзара сауда көлемін 35 млрд долларға дейін ұлғайту жоспары бар. Тараптар осы межені іске асыру үшін белсенді жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қытай біздің елден ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттау, теміржол тасымалы көлемін ұлғайту мен IT-сектордағы өңіраралық өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға мүдделі. 

Хабарламаларға жазылу