Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі тереңдетудің келешегі зор - Д.Назарбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі тереңдетудің келешегі зор - Д.Назарбаева

05.11.2019

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән беріліп отыр. Себебі көрші мемлекет Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық және сауда әріптесі. Былтыр арадағы тауар айналымы 25 пайызға өсіп, 2,5 миллиард долларға жеткен. Енді осы көрсеткішті 5 миллиард долларға арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Дариға Назарбаева екі елдің инвестиция, энергетика, туризм, аймақтық және шекара маңындағы ынтымақтастық, транзиттік-көлік салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің келешегі зор,-деді. Кездесу соңында Парламент Сенаты мен Олий Мәжілісі Сенаты арасында 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен Жол картасына қол қойылды.


Хабарламаларға жазылу