Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды

19.05.2014
Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды
Ресейдің Экономикалық даму министрлігінің басшысы Алексей Улюкаев 2014 жылдың соңы мен 2015 жылдың басында Кедендік одақ пен Вьетнам еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қоятынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Қытайдың Циндао қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық қауымдастығының форумында айтты.
 
Ол Ресей мен Вьетнам арасында 2015 жылға қарай екіжақты тауар айналымы 7 миллиард долларға дейін ұлғаятынын атап өтті. Улюкаевтың сөзінше, қазіргі уақытта екі елдің арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларды құрайды.
 
2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Ресей мен Вьетнам әріптестігінің негізі – энергетика мен мұнай-газ саласы.

Хабарламаларға жазылу