Талғар өзенінің суы қарайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар өзенінің суы қарайып кетті

28.05.2020

Талғар өзеніндегі балықтың қырылуы мен судың қараюына байланысты сынама алынды. «Қазгидромет» зертханасының мамандары Алматы облысы Базаркелді кентінің тұсындағы 3 жерді тексерген. Тұрғындар өзендегі судың қарайғанын байқап, бұған жақын маңдағы сүт фермасының қатысы болуы мүмкін деп шағымданған. Сондықтан су сынамасы фермаға жақын 3 нүктеден алынды. Мамандар су сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілетінін айтуда. Су температурасын, түсін, мөлдірлігін, сутегі көрсеткішін тексерген зертхана қызметкерлері табиғи суға тән емес жағымсыз иістің барын анықтаған. Ал балықтардың қырылу себебі лабораториялық зерттеулердің қорытындысы шыққаннан жарияланады.

Жазриа ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу