Сырдарияның суы төмен түсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдарияның суы төмен түсіп кетті

18.10.2021

Қызылордалықтарды Сырдың суы алаңдатып отыр. Қаланың аумағында өзеннің деңгейі тіптен төмен түсіп кетті. Мамандардың айтуынша, жазғы маусымда Қызылорда гидротоспасынан секундына 40 текше метр су өтсе, қазіргі меже 75-ке көтерілген. Ал дария суының азайғаны шаһардың тұсындағы айрықта арна екіге бөлініп, біраз бөлігі сол жағалаудан қазылған каналмен ағып жатыр. Сол себепті бір бөлігінде су сарқылғандай кейіпте.Бүгінде егінге су жіберу науқаны толық аяқталды. Енді өзеннің деңгейі әлі де көтерілуі тиіс.

Сейілбек Нұрымбетов, «Арал-Сырдария бассейіні» инспекциясының басшысы:

Болжамымыз бойынша қазір жоғарыдан келетін судың біртіндеп көбейіп жатқанын байқап отырмыз. Сондықтан Сырдарияға, біздің Қызылорданың тұсына, жіберілетін су көбейсе, ертең мұз жүретін уақыт болады. Соған дейін қауіпсіздік үшін суды біртіндеп көбейеді деп отырмыз.


Қызылорда Сыр Арал-Сырдария Сырдария

Хабарламаларға жазылу