Түркістан облысында үш көпірді су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында үш көпірді су шайып кетті

26.03.2024

Түркістан облысында демалыс күндері күн жаңбырлы болып, таудағы қар ерігендіктен, өзен суы арнасынан күрт көтеріліп кетті. Салдарынан Кентау-Қарнақ бағытындағы облыстық жолда Байылдыр өзенінің үстінен өткен көпірді су шайып кетті. Сондай-ақ Созақ ауданындағы Қаратау ауылы мен Сарыжаз елдімекенін байланыстыратын көпір де бұзылды.

Ал Сауран ауданының Бабайқорған ауылында өзен суы арнасынан асып, ауыл ішіндегі көпірді шайып кетті. Өзен суы сыртқа да жайылды. Теке ауылындағы көшелерді су басты. Алайда дер кезінде арнайы техникамен судың ағысы бұрылып, қауіп сейілді. Қазір Созақ пен Сауран аудандарындағы екі көпір қайта қалпына келтірілді. Ал Қарнақ бағытындағы көпірді жөндеу мәселесі қаралып жатыр. Мамандар ауылға қатынайтын айналма жол салуда.

Мейіржан Жалайыров, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір судың деңгейі түскеннен кейін бүгінгі таңда 10 техника, 20 шақты адам айналма жол салып жатыр. Ертең уже айналма жолды көлік қатынасына береміз.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу